RU
Бұрынғы Энергетика вице-министрі Шкарупаның ісін басқа сот қарайтын болды

Бұрынғы Энергетика вице-министрі Шкарупаның ісін басқа сот қарайтын болды

Рассказать Вконтакте

Енді қатарында Энергетика экс-вице-министрі Анатолий Шкарупа бар жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сот тыңдалымдары Қарағандыда өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Саран қаласының соты бұрынғы энергетика вице-министрі, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қорының экс-басшысы және "Energo" ЖШС директорына қатысты сыбайлас жемқорлық ісін қарау үшін соттылығын өзгертті.

Саран сотының баспасөз қызметінде судья Талғат Экзеков істі бірнеше себептермен Қарағандыға тапсыру туралы шешім қабылдағанын айтты.

"ҚПК 314- бабында қылмыстық іс тергеу жұмысы аяқталған аумаққа тиесілі екені айтылған. Бұл жағдайда қылмыстық істің тергеу жұмыстары дәл Қарағандыда аяқталған",- деді Саран қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотта соңғы айыптау актісі Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының ғимаратында жасалғаны нақтыланды. Бұл ведомство Қарағандыда орналасқан.

Шенеуніктер мен кәсіпкерге қатысты қылмыс екі қала аумағында - Қарағандыда және Саранда жасалған.

Айта кетейік, бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қорының экс-төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Байдалы және "Energo" ЖШС директоры Ерлан Нәбиев 215 миллион теңгені ұрлады деген айыппен сот алдына келді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel