RU
Тоқаев Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады

Тоқаев Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда.

Фото: ҚР Президентінің ресми сайты

Фото: ҚР Президентінің ресми сайты

Мемлекеттер басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 5-отырысына дайындық барысы қарастырылды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың арасында қолма-қол ақшасыз ақша аударымдарына салық енгізу туралы қызу талқыланған мәселеге пікір білдірді.

Тоқаев бұл мәселені республиканың мемлекеттік органдары мұқият пысықтауы тиіс деп есептейді.

"Осы себепті президент күн тәртібінен мәселені алып тастауға тапсырма берді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұл мәселеге қатысты қаржы министрі Әлихан Смайылов та пікір білдірген болатын.

"Айта кетейін, қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салықтар алуды, жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізуді жоспарлап отырған жоқ", - деген еді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel