RU
Соңғы хат қалдырған: Оралда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Соңғы хат қалдырған: Оралда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Рассказать Вконтакте

Оралда 17 жастағы жеткіншек өз-өзіне қол жұмсады. Полиция департаменті жасөспірімнің соңғы хат қалдырғанын хабарлады. Қазір аталған фактіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция департаментінің баспасөз қызметінде атап өткендей, оқиға 14 қараша күні болған. Жергілік колледждің 17 жастағы студенті көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп кеткен.

Оқиға орнына бірден жедел медицинадық көмек станцияның дәрігерлері шақырылған.

"Зардап шеккен жасөспірім қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Ол медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды", - делінген БҚО денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, 2019 жылдың басынан бері полиция мен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үш суицидтің алдын алды.

Олардың бірінде арнайы жасақтағы бөлімшенің полицейі Еркебұлан Сопанов көпірден Шаған өзеніне жас қыздың соңынан секірді. Жақында ол "Ерлігі үшін" номинациясы бойынша "Жомарт жүрек – 2019"сыйлығымен марапатталды.

Сондай-ақ, Орал полицейлері бес қабатты ғимараттың шатырынан секіргісі келген қызды құтқарып қалды.

Сонымен қатар, БҚО ювеналды полиция қызметкерлері өңірдегі кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың азайғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel