RU
Қазақстандық ару Miss Virtual World 2019 атағын жеңіп алды (фото)

Қазақстандық ару Miss Virtual World 2019 атағын жеңіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық ару Арайлым Ишахат Miss Virtual World 2019 атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен визаға қатысты мәселе туындауына байланысты Канкунға финалға бара алмады. Дегенмен, ол Porsche автокөлігінің иесі атанды.

Айта кетейік, қыркүйек айында отандық арулардан Miss Virtual Kazakhstan 2019 финалына тек 10 қыз өткен. Ал республикалық деңгейдегі атақ 21 жастағы Арайлым Ишахатқа табысталған.

Содан кейін бойжеткен халықаралық байқауда бақ сынады. Miss Virtual World сайысына 20 елдің өкілі қатысты.

Байқаудың бас сыйлығы тек тәж емес, Porsche 718 Cayman S спорткары болған.

Miss Virtual World финалы мексикалық Канкун қаласында өтті.

Іс-шара барысында Арайлым интернет-дауыс беру бойынша көшбасшылардың қатарында болды.

Ол уақытта 30 мыңнан аса адам нұр-сұлтандық аруға қолдау білдіріп, Арайлым екінші орынға тұрақтаған. Ал қазір анықталғандай, ол ең жоғары атаққа ие болып отыр. Miss Virtual World өзіне дауыс беріп, қолдаған барша жанға шын жүректен алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда екі жылдан бері тұратын Сәуле Қосақаева осыдан бір ай бұрын сол мемлекетте "Шырайлы Шымкент" атты дәмхана ашқан. Ғимарат маңдайшасында Шымкент қаласының таңбасы мен Қазақстан мен ТМД елдерінің тулары ілінген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel