Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасын бұзғым келмейді": 4 баласы бар ер адамның көңілдесі болған ару желіде мұңын шақты

Опубликовано:

Бір жыл білместікпен отбасылы ер адаммен қосылып жүрген келіншек жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, ол сүйіктісінің 4 баласы бар екенін білгенде одан айырылысып кеткен. Десе де бұрынғы ғашығын әйелінен қызғанып, әлі күнге дейін қиналып жүр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Әйел адам Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына хат жолдады.

"Бір жыл бойы кездесіп жүрген жігітіммен арамды үздім. Оны бауырларының көзінше қуып, өзім әдейі клубқа кеттім. Оны әйелі мен төрт баласына бере салдым. Енді олардың түнде бірге жататынын ойласам, жүрегім ауырады", - дейді ару.

Келіншектің сөзінше, ол сүйіктісінің жұбайын жек көргенімен оны 4 баласымен далада қалдыра алмапты.

"Жұмыстан шыға сала оны көріп қаламын ба деп жан-жағыма қараймын. Бір жағынан олай болғанын да қаламаймын. Оны сүйем, ал әйелі титығыма тиеді. Бірақ оны да аяймын. Кейде бақытты күндері түскен суреттеріммізді оған жіберіп тастағым келеді. Алайда отбасын бұзғым келмейді. Оның басы бос емес екенін мен қайдан білейін", - деп жазды оқырман.
Ол үнемі достарымен, әріптестерімен бірге жүретін. Тәулік бойы менің жанымда жүріп, бірге қона алатын. Ұлы телефонын қолыма ұстатпайтын. Мен қалағанның бәрін жасайтын. Оның отбасылы екенін өз аузынан білдім. Абайсызда айтып қойды", - деп ашынды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827564-otbasyn-bzgym-kelmejdi-4-balasy-bar-er-adamny-kildesi-bolgan-aru-zelide-myn-sakty/

pixel