RU
Рождествоға іPhone 11 мен 4 мың доллар сұраған жеткіншек желіні шулатты

Рождествоға іPhone 11 мен 4 мың доллар сұраған жеткіншек желіні шулатты

Рассказать Вконтакте

Рождество мерекесіне санта клаустан қандай сыйлықтар алғысы келетінін бір параққа жазған 10 жастағы жеткіншек әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известияға сілтеме жасап.

Қыздың жасаған тізімін әкесі Twitter парақшасына салды. Ол сурет астына: "Менің 10 жастағы қызым есінен адасқан сияқты" деген жазба қалдырыпты.

Тізім 26 пункттен тұрады. Ол жерде жас жеткіншек іPhone 11, AirPods құлаққабы, MacBook Air, Go Pro камерасын, косметика, жаңа киім, Chanel иіс суын, гаухартастары бар сырға мен 4 мың доллар қалайтынын жазыпты.

Бұдан бөлек, қыз Сантадан тірі қоян мен оған арналған киім, кукла мен будильникті сұрапты.

Мұндай тізім қыздың әкесімен қоса барша желі қолданушыларын да сасқалақтатты.

Оны көрген желі қолданушылары езуін жия алмай, суретке түсірілген тізімінң астына түрлі пікір жазып, қалдырыпты.

"Оған расымен де будильник алу керек. Армандай беруін қою үшні. Ол оның бәріне өзі жете алады", "Ол 4 мың долларды не істемек, сол қызық. Үйден кетпекші ме?", "Қазір осыны сұраса, келесі жылы не сұрамақшы сонда?", - деп жарыса жазды олар.

Желіде әке қалдырған жазба небәрі бірнеше күн ішінле 122 мың лүпіл жинап, 23 мыңнан астам рет бөлісілген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel