RU
Өзінен 12 жас үлкен көршісіне "ғашық" болып қалған 20 жастағы ару сырын ақтарды

Өзінен 12 жас үлкен көршісіне "ғашық" болып қалған 20 жастағы ару сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

20 жастағы ару өзінен 12 жасқа үлкен ер адамды кезіктіргенін сөз етті. Алайда ер азаматқа еш сезімі болмаған ол кенеттен оны көрмесе, тұра алмайтынын түсінген. Айтуынша, ол тіпті, көршісінен алыстаса, ауырып қалатын халге түсіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Ол өмірінде болып жатқан түсініксіз жайтты Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына баяндады.

"Жасым 20-да. Меркіден Алматыға көшіп келгеніме небәрі алты ай болды. Осы уақытта 32 жастағы ер адамды кезіктірдім. Ол екеуіміз бір подъезде тұрамыз. Айтпағым, ол кісі менің қыр-соңымнан қалмай, жігіт ретінде көңілін білдірмек болды. Бірақ мен оған қарсы болдым. Себебі оған деген сезім жоқ, оның үстіне маған өзіммен қатарлас жігіттер ұнайды", - дейді бойжеткен өз сөзінде.

Бойжеткен өзі бетін қайтарып жүрген ер адамға қалай ғана ғашық болып қалғанын түсіне алар емес. Оның сөзінше, ол ата-анасына демалысқа кеткен кезде көршісін іздеп, соның жанында болуды қалап, сандырақтаған екен.

"Соңғы айда сол адамға ғашық болып қалғандай күй кешіп жүрмін. Менің санамды жаулап алған секілді. Оны көрген кезде жек көретін секілдімін. Ал көрмей кетсем, жанында болғым келіп тұрады.
Жақында кішігірім демалыс алып, ата-анама кетіп қалдым. Сол кезде сырқаттанып қалдым. Күйзеліске түсіп, тәбетімнен де айырылдым ол менің дәрім сияқты көрінді. Өзіне тартып тұрды. Алматыға қайта оралғанда қайта көңілім орнына түсіп, тіпті, айығып та қалдым. Бұл неткен махаббат?", - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз
12
1
3
2
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel