RU
Таразда қыз зорлады деп күдіктелген адам ұсталды

Таразда қыз зорлады деп күдіктелген адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары "кәмелетке толмаған қызды зорлау" бабы бойынша тергеу жүргізуде. Айта кетейік, полиция күдіктінің ізін суытпай оны бірден ұстады. Жәбірленуші қылмысты жасаған күдіктіні бірден таныды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таразда қыз зорлады деп күдіктелген адам ұсталды

Фото: Facebook / Арман Оразалиев

Зорлау туралы хабарлама жедел жәрдем кезекшісінің пультіне 15 қарашада келіп түсті. Полиция қызметкерлеріне қылмыстың құрбаны кәмелетке толмаған қыз болғаны айтылды.

Жамбыл облысының бас полицейі Арман Оразалиевтің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121 баптары бойынша тергеу жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, ізін суытпай ұстады.

Айта кетейік, кәмелет жасқа толмаған қыз күдіктіні танып қойды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-да қамауда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 26 жастағы астаналық азамат өз сүйіктісін топпен зорлағаны үшін 11 жыл және 3 ай бас бостандығынан айырды.

Алайда осы ретті бойжеткен сот шешіміне риза емес екенін айтты. Оның сөзінше, кінәлілерге берілген мерзім ұзағырақ болуы тиіс еді.

Жәбірленуші оны өзінің жігіті мен оның досы зорлап кеткеннен кейін, ол терезеден секіріп кеткен. Бойжеткене төрт ота жасалды. Ол қазіргі таңда бұрынғыдай қалыпты ұйықтап, дұрыс жүре алмайтынын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel