RU
Елес болып жұртты шошытқан "блогерлер" жұрттың ашуына тиді

Елес болып жұртты шошытқан "блогерлер" жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Бангалора қаласының жеті тұрғыны YouTube желісінен жеке арна ашып, оны қызықты ету үшін ерекше видеолар түсірмек болады. Алайда жігіттердің ерсі қылығы көпшіліктің көңілінен шықпайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Жаңадан арна ашып, "ерекше жолмен" танымал болуды ойлаған колледж студенттері беттеріне қорқынышты грим жасап, ақ түске оранып, кинодағы елестер секілді жол бойында келе жатқан адамдарды шошытып жүрген.

Студенттер кенеттен мотоцикл және көлікпен келе жатқан жолаушылардың алдынан шыға келіп, олардың үрейін ұшырып, адамдардың реакциясын видоға түсіріп отырыпты.

Жас жігіттердің іс-әрекеті көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Тіпті көбінің титығына тиіпті. Олардың басым бөлігі полицияға шағымданып, жас жігіттердің үстінен арыз жазған екен.

Мұндай әзілді жоғары бағалай алмаған адамдар студенттерді жазалауды ұсынды. Тәртіп сақшыларына артық дәлелдердің қажеті де жоқ еді.

Себебі жігіттердің компьютерлері мен ұялы телефонында олардың іс-әрекеті түсірілген видеолар табылды.

Қазіргі уақытта олар кепілмен босатылды, бірақ жастар көптеген бұзақылық әрекеттер жасады деген айыппен соттың алдына қайта келеді.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel