RU
"Bek Air келін түсірді": Мадина Сәдуақасова ерекше тойда стюардесса образында өнер көрсетті

"Bek Air келін түсірді": Мадина Сәдуақасова ерекше тойда стюардесса образында өнер көрсетті

Рассказать Вконтакте

Мадина Сәдуақасова стюардесса киімімен тойда ән шырқап тұрған видеосын парақшасына жүктеді. Желідегілерді әншінің образы мен тойдың өзі қызықтырмай қоймады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Мадина Сәдуақасованың желідегі видеосы көпшілікті таңырқатты. Әдетте той үстінде әсем көйлектерімен жарқырап, көпшілік арасында көзге түсетін өнер иесі бұл жолы халық алдына стюардесса образында шықты.

"Бүгін ерекше тойлардың күні болды! Барлық той иелерін шын жүректен тағы да құттықтаймын! Той тойға ұласа берсін! Қазақтың тойы бітпесінші!", - деп жазба қалдырды жұлдыз видео астында.

Айта кетейік, әншінің оқырмандары жылы лебіздерін жаудырды.

Десе де, эелідегілерді ерекше тойды кімнің ұйымдастырып жатқаны қатты қзықтырып қойды, олар бейнежазба астында жарыса пікір қалдырып жатты.

"Кереметсіз Мадина ханым", "Мадина, саған бәрі жарасады", "Көңілің шатыққа толыболсын", "Кімнің тойы болып жатыр", "Керемет той", "Неткен сұлысыз", "Нағыз сұлу, өнерлі, кішіпейіл жансыз ғой", "Қазақшүа көйлек киіп шаршаған болар, оған да оңай емес", "Басқасын білмеймін, бірақ мына жерде образы ерекше, - деп жылы лебіздерін білдіріп жатты оқырмандар.

Өз кезегінде жұлдыз сұрақтарға жауап берді.

"Bek Air келін түсірді": Мадина Сәдуақасова ерекше тойда стюардесса образында өнер көрсетті

Скрин

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel