Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақындықты қалайды": Жігіттермен кездесуден қорқатын 30 жастағы қыз сырын ашты

Опубликовано:

30 жастағы ару отбасын құрғысы келетінін, алайда өзінен үлкен жігіттердің одан тек төсек қатынасын қалайтынын ашып айтты. Бірнеше жігітпен кездесіп көріп, "әттеген-ай" деп сан соққан ару енді ер адамдармен танысуға қорқып қалғанын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Ару Instagram-дағы astana__forum парақшасында жан сырын ақтарды.

"Жасым 30-да. Жақсы жанды жолықтырып, отбасын құрғым келеді. Танысқан кезде жігіттердің бірі менен тек төсек қатынасын қалайтынын білдіріп қояды.

Жақындықты қалайды. Ал мен өзіме оның қажеті жоқ екенін айтып, таныстығымды тоқтатамын. Енді бірі о баста еш ұятсыз қылықтарсыз жақсы араласады.

Бірнеше кездесуден кейін шынайы бет бейнесін ашып, лас ойлар ойлайды. Өзімді жігіттердің алдында дұрыс ұстаймын. Ашық-шашық киініп, әркімге бір жабыспаймын", - дейді ол.

Ер азаматтардан көңілі қалған ару олардың неліктен бұлай жасайтынын түсіне алмай әлек. Оның сөзінше, ол кездестірген жігіттердің түгелі дерлік пасық болып шыққан.

"Неге жігіттер қауымы солай жасайды? Егер мен оны қаласам, сызылмай-ақ бірден айтар едім. Бірақ маған шынайы қарым-қатынас керек. Оның үстіне маған кездескен жігіттер 30-дан асқандар. Олар ол жаста қай қыздың қандай екенін, өзіне не керек екенін ажырата алуы тиіс қой.
Бірден отбасы құрғысы келетін қыздарға неліктен уақыт кетіресіздер. Кездесулерге баруға қорқатын болдым. Енді ер адамдармен қалай танысып, қарым-қатынас құрмақпын?", - деп ашынды ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827609-zakyndykty-kalajdy-30-zasynda-zigittermen-kezdesuden-korkatyn-aru-zelide-syryn-asty/

pixel