Выйти
RU

БҚО-да ішінде сәбиі бар көлік аударылып түсті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында апат салдарынан төрт жасар бала мен 37 жастағы әйел адам зардап шекті. Балақай бас жарақаты мен жабық бас ми жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: БҚО ТЖД

Фото: БҚО ТЖД: UGC

Төтенше жағдайлар департаментінде жол-көлік оқиғасы 17 қараша күні сағат 7.30-да Чапаев-Жаңақала тас жолында орын алғанын хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Toyota Land Cruiser көлігі аударылған.

"Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының маңында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып түсті. Апатты-құтқару жұмыстарына медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері қатысты. Олар автокөлік салонынан 37 жастағы әйел мен төрт жасар баланы алып шықты", – деп атап өтті Батыс Қазақстан Облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі апат кезінде екі адамның зардап шеккенін атап өтті.

37 жастағы жүргізуші әйел адам ауруханаға қаралудан бас тартты, алайда оның кеуде қуысы соққы алған.

"Ақжайық аудандық ауруханасына төрт жасар бала мен оның анасы жеткізілді. Балада жабық бас-ми жарақаты және мидың зақымдануы анықталды. 1982 жылы туған әйел адам асықты жілік шыбығының жабық сынығы жарақатын алды", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да ішінде сәбиі бар көлік аударылып түсті (фото)