Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жасында бөтелкеге хат салып, теңізге тастаған бала 9 жылдан соң жауап алды

Опубликовано:

АҚШ-тың Массачусетс штатының тұрғыны хат жазып, оны бөтелкеге салып, теңізге тастап жіберген екен. Ал араға тоғыз жыл салып, жолдаған хатына Франциядан жауап алыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Макс Вреденбург шытырман оқиғалы кітаптардың кейіпкері сияқты, хат жазып, оны шыны бөтелкеге салған кезде небәрі 10 жаста еді. Хатта ол өзі туралы кішігірім ақпарат жазған екен.

"Сәлем, менің есімім Макс. Бұл хатты кім оқыса да, жауап берін сұраймын... Менің жасым 10-да, мен алмаларды, жағажайды және көк түсті жақсы көремін. Маған жануарлар, көліктер мен ғарыш ұнайды", - деп жазыпты ол өз хатында.

Балақай оны Лонг-Бич жағажайынан жіберіп, оған біреу жауап береді деп үміттенді. 9 жылдан кейін Макс осы оқиға туралы ұмытып үлгерген кезде оның үміті ақтала кетті.

Жақында Вреденбург Еуропадан бейтаныс хат алды. Оны жіберген Г. Дюбуа есімді адам болып шықты. Ол өз хатында Макс жолдаған хатты Францияның жағалауында, яғни, балақай хатты тастаған жерден мыңдаған киллометр жерден анықтағанын айтты деп жазады WBZ-TV.

"Сәлем, Мен сенің бөтелкедегі хатыңды 2019 жылдың 10 қарашасында Франциядағы Конти ле Бен мен Мимизан арасында тұрған жағажайдан таптым.
Жөнелтілген уақыт, 2010 жылдың 21 тамыз екеніне қарағанда, хаттың екеуімізді айырып тұрған 6 мың километр қашықтыққа жетуіне 9 жыл қажет. Сен бұл уақытта 10 жастан 19-ға есейіп кеттің. Төменде хатты нақты қайдан анықтағанымды көрсетіп тұрған картаны салдым. Құрметпен Г. Дюбуа", - деп жауап берді адам.

Жігіт желіде қуанышымен бөлісті.

Хатты алғаш рет оқыған кезде жүрегім дүрсілдеп кетті. "Менің 10 жастағы арманым қазір ғана орындалды", бұл ақылға қонымсыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827622-10-zasynda-hat-zazylgan-btelkeni-teizge-tastagan-bala-9-zyl-tken-so-sragyna-zauap-aldy/

pixel