RU
Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі қашан болады

Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі қашан болады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қос біріктіру кездесуін ұйымдастыруды жоспарлаған Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Головкин-"Канелоның" келесі кездесуі жайлы Asapland.com. порталы мәлімдеді. Хабарламада алдын ала ақпарат бойынша, екі кездесу де 2020 жылы болатыны айтылған.

Басылым мәліметінше, мексикалық титулдарды біріктіруге көмектесетін жоспар құрастырған. Ол бұл үшін британиялық Билл Джо Сондерспен, сондай-ақ, қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға әзір.

Бірақ, бұл кездесу бір шарт негізінде ұйымдастырылады. Ол үшін Геннадий польшалық Камил Шереметаны жеңу керек.

Еге қазақстандық польшалық боксшыны жеңісе, ол IBF және IBO тұжырымдары бойынша атағын қорғап қалады.

Кездесудің алдын ала уақыты 15 қыркүйекке белгіленген деп жазады басылым.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек келесі жылдың мамыр айында өтетініні хабарланған еді. Дегенмен сарапшылар кездесу мүмкіндігін Головкиннің өзі жоғалтып алған болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2020 жылы қыстың аяғында немесе көктемнің басында өткізеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel