RU
Анасы бай жігітпен жүруді талап еткен көкшетаулық ару өз ғашығынан бас тартты

Анасы бай жігітпен жүруді талап еткен көкшетаулық ару өз ғашығынан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Көкшетау қаласының Аягөз есімді тұрғыны отбасын құру үшін ауқатты азаматты іздестіріп жүргенін айтады. 23 жастағы бойжеткеннің анасы қызына тек бай жігіттермен ғана кездесіп, қаражаты көп азаматқа күйеуге шық деген талап қойған. Аягөз анасының арманы үшін жуырда сүйіктісімен айырылысқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

пппппп

Көрнекі фото

Өмір бойы таршылық көрген келіншек болашақ күйеу баласының арқасында жаңа өмір бастағысы келеді екен. Осылайшы қаржылық қиындықтарынан құтылып, еш алаңсыз күн көруді қалайды.

Аягөз толық емес отбасында тәрбиеленген. Ата-анасы ертеректе ажырасып кетіпті. Анасы өз күшімен балаларын аяққа тұрғызып, талай қиындықтарды басынан өткерген.

Ендігі кезекте ол қыздарын күйеуге беріп, қарттық шағын алаңсыз өткізгісі келеді.

«Анам біз үшін күндіз-түні жұмыс істеген адам. Өмір бойы пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Осыдан екі жыл бұрын ғана екі бөлмелі времянка сатып алдық.

Сіңлім екеуміз қолымыздан келгенше ол кісіге көмектескіміз келеді. Былтыр оқу бітірдім, қазір мамандығым бойынша мектепте жұмыс жасап жатырмын.

Қолымнан келгенше отбасыма қолдау көрсетуге тырысамын. Алайда, анам екеуміз қанша қаражат тапсақ та, ақшамыз күнделікті шығындарымыздан артылмайды», - дейді ол.

Аягөз - табиғатынан көрікті бойжеткен. Соның арқасында жас мұғалімге сөз салып, сезімін білдіретін жігіттер аз емес екен.

Алайда, ол көңілінен шығатын азаматты көпке дейін кездестіре алмай жүргенін айтады.

Осыдан жарты жыл бұрын ғана Жасұлан есімді жігітпен танысып, екі жастың арасында махаббат сезімі тұтанған.

«Жасұлан өзім сияқты қарапайым отбасында тәрбиеленген. Өте ақылды, еңбекқор әрі адамгершілігі мол жігіт. Анамның мінезі қатал болғандықтан, ол кісіге сүйіктімнің бар екені туралы айта алмадым.

Көпке дейін жігітіммен жасырын кездесіп жүрдім. Алайда, сіңлім бір күні анамызға менің құпиямды айтып қойыпты.

Осы жағдайдан кейін менің өмірім күрт өзгеріп кетті», - дейді көкшетаулық бойжеткен.

Аягөздің анасы сол күні-ақ қызынан жүріп жүрген жігіті туралы егжей-тегжейлі сұрастырған. Жасұланның кедей отбасының баласы екенін білген кісі ашуға булығып, жанжал шығарыпты.

Аягөзден сүйіктісімен айырылысуын талап етіп, оның орнына ауқатты азаматпен кездесу керектігін айтқан.

«Анамның әңгімесі әлі күнге дейін құлағымда жаңғырып тұр. Мен сияқты сұлу қыз тек қана бай жігіттермен ғана кездесуі керек екенін айтты.

Ауқатты азаматқа тұрмысқа шықсам, отбасымыздың да жағдайы жақсаратынын түсіндірді. Сіңлім екеуі маған үлкен үміт артып отырғанын мойындады.

Сол мезетте, анама не деп жауап беретінімді білмей қалдым. Төбеме жай түскендей болды. Бір жағынан қиындықтардан шаршап кеткен анамды түсінемін. Бірақ өзімді ақшаға сатқым келмейді», - дейді Аягөз.

Ол анасымен іштей келіспесе де, Жасұланмен айырылысып кетуіне тура келген.

Бойжеткен жақын адамының көңілі үшін сүйіктісінен бас тартыпты. Соның кесірінен көп уақытқа дейін оның көңіл-күйі болмай, мазасы қашып жүрген.

Ендігі кезекте Аягөз қалталы азаматты кездестіріп, тұрмыс құрғысы келеді.

«Отбасым үшін бәріне баруға дайынмын. Бірақ бай жігіт табу оңай емес. Олардың араласатын өз ортасы бар.

Мен сияқты қарапайым қызға көз салатын «олигархтар» да аз деп ойлаймын. Дегенмен қолымнан келгенше анамның талабын орындауға тырысамын.

Тіпті ауқатты азаматтың тоқалы болуға да қарсы емеспін», - дейді біздің кейіпкеріміз.
Сіздің реакцияңыз
5
2
12
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel