RU
Көпбалалы ана алты жасар ұлын жүйткіген көлік рөліне отырғызған

Көпбалалы ана алты жасар ұлын жүйткіген көлік рөліне отырғызған (видео)

Рассказать Вконтакте

Челнов жағалауының тұрғыны Агина Алтынбаева сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүріп бара жатқан көлік рөлінде отырған кішкентай баланың видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Life.ru

Фото: Видеодан кадр/ Life.ru

Кәмелетке толмаған баланың анасы теріс пікірлерді қажетсінбейтінін, өзі қалағанынша өмір сүретінін айтады.

"Сіздердің теріс пікірлеріңіз қажет емес. Менің өмірімді сүрмей, мені қаралауға хақыларыңыз жоқ", -деп жазған ол.

Шулы видеоға қатысты айтқан келіншек ұлының алты жаста екенін мәлімдеді. Бірақ, балақай темір тұлпар рөліне төрт жасынан отырыпты. Келіншек хейтерлар мен желідегі теріс пікірлерге қалыпты қарайтынын айтты.

Агинаның төрт баласы бар. Олардың үлкені тоғыз жаста болса, кішісіне тоғыз ай. Балаларын әкесіз өсіретін ол бәрін рөлге кішкентайынан тәрбиелеп келеді. Жол ережелерін бірге талқылайтын ана балаларына жол ережесін барлығы бұзатынын айтып отырады.

Айта кетейік, күні кеше Батыс Қазақстан облысында апат салдарынан төрт жасар бала мен 37 жастағы әйел адам зардап шекті. Балақай бас жарақаты мен жабық бас ми жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінде жол-көлік оқиғасы 17 қараша күні сағат 7.30-да Чапаев-Жаңақала тас жолында орын алғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel