Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Серіков кенже ұлының туған күнінде бидің түбін түсірді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Тоқтар Серік кенжесі Шахнұрдың туған күнін дүркіретіп тойлап, қуанышына ортақтаса келген қонақтары үшін арнайы билеп берген. Ұлының бір жасқа толуына орай өнер иесі көпшіліктің алдында бір өзі бидің түбін түсірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Эстрада жұлдызының барын салып билеп жатқанын той қонақтары түсіріп алып, желіге жүктеп жіберген.

Нәтижесінде аталмыш бейнежазба Instagram кеңістігіндегі парақшаларға тез тарап кетті.

Шахнұрдың бір жасқа толуын кілең ет-жақындары мен отандық жұлдыздардың арасында тойлаған Тоқтар Серіков қонақтардың көңілін көтерді.

Көпбалалы әке қалың көпшіліктің алдында бидің түбін түсірген. Басында бір өзі билеген әншіге артынша досы да қосыла кектен.

Әдетте өзін тым салмақты ұстайтын өнер иесінің бұл көңілді сәті желі қолданушыларын таңырқатқан.

Оқырмандар Тоқтар Серіковке тәнті болып, оған өздерінің жылы лебізін жарыса білдіруде.

"Тоқтар ағаны осындай көңілді күйде көрі керемет" , "Расымен қуанышында шек жоқ екені көрініп тұр" , "Ерекше билейді" , "Кенжесінің қуанышында бидің түбін түсіріпті" , "Осы биімен хит болды " , "Тоқтар аға тоқтамаңыз" , "Өзіңізге жарасымды, мүлдем ерсі емес" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанованың тойда асабамен жарыса билегенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827649-toktar-serik-kenze-lyny-tugan-kninde-bidi-tbin-tsirdi/

pixel