RU
Тоқтар мен Бейбіт кенжесінің бір жасқа толуын қалай атап өтті (фото, видео)

Тоқтар мен Бейбіт кенжесінің бір жасқа толуын қалай атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұптардың бірі Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева кенже ұлдарының туған күніне орай дүбірлі той жасады. Әншілер үйінің еркесі Шахнұрдың бір жасқа толуын жақындары мен өнердегі әріптестерінің арасында атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқтар мен Бейбіттің шаңырағындағы қуанышқа Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Сара Тоқтамысова, Нұрболат Абдуллин, Асхат Тарғын, Ғазизхан Шекербеков, Ернар Айдар, Бүркіт пен Аиша, Ерғали Әбдірайымов, Әділ Сламхан, Саят Медеуов, Арман Дүйсенов және тағы да басқалары құттықтап келді.

Той иелері Шахнұрдың бір жасқа толуына орайластырылған дүбірлі тойға шақырылған қыз-келіншектер үшін күлгін түсті дресс-код орнатқан. Алайда, оны бірі ұстанса, бірі басқа түсті көйлектер киіп келіпті.

Бүгінде төрт баланың ата-анасы атанған жұлдызды жұп кенжесінің жеке мерекесін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойлаған.

Той қонақтары көңілді кештегі суреттер мен видеоларды Instagram желісінде қуана-қуана бөлісуде.

Айта кетерлігі, Бейбіт Седуалиева төртінші ұлын дәл отағасының туған күнінде дүниеге әкеліп, жолдасына ерекше тосынсый жасаған. Шахнұр мен Тоқтар Серіков 16 қараша күні туған.

Сонымен қатар, бұған дейін желіде Тоқтар Серіковтің ұлының тойында бидің түбін түсіріп жатқан видеосы тарап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel