RU
Пойызға қатысты дау: Жолаушылар артық төлеген ақшаны қайтарып алады

Пойызға қатысты дау: Жолаушылар артық төлеген ақшаны қайтарып алады

Рассказать Вконтакте

"Жолаушылар тасымалы" АҚ көп жылдар бойы пойыз жолаушыларын төсек-жабдықпен қамтамасыз етіп келген компаниямен келісімшартты бұзды. Алайда, жаңа серіктестер тасымалдау операторын жерге қаратып отыр. Соның салдарынан 1-20 қараша аралығында стандартқа сай көрпе-жабдық ұсынылмағаны үшін жолаушыларға артық ақша қайтарылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Пойызға қатысты кезекті дау: Жолаушыларға артық төлеген ақша қайтарылады

Көрнекі фото: baq.kz

Кәсіпкер Асқар Омаровтың айтуынша, "Жолаушылар тасымалы" үнемдеудің орнына, керісінше, қыруар шығынға батып келеді.

Пойыздарға төсек-жабдық жеткізіп отырған "Ас-Ай" компаниясы осыдан бес жыл бұрын тендерде жеңімпаз атанған. Алайда, "Жолаушылар тасымалының" оны жақындатқысы жоқ.

Пайдадан айырылған тарап қарап қалмай, тасымалдау компаниясын бірнеше рет сотқа беріп, барлығында да жеңіске жеткен. Өндірілмеген пайданы жауап беруші төлеп келеді. Соған қарамастан, "Ас-Ай" компаниясы қарсы тарапта олқылықтар барын алға тартты

"Бүгінде төсек-жабдық үшін тасымалдау операторы бір компанияға ақша төлеп отыр. Ол компания міндеттемені уақытында орындай алмады. Бұл туралы ресми сайтта хабарлама жарияланды.
Ал біз сот шешімімен айырылған пайданы өндіріп алып отырмыз. Сонда, "Жолаушылар тасымалы" екі мәрте шығынға батып отыр емес пе?", - дейді Асқар Омаров.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл олқылық бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 

Өз кезегінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі жолаушыларға көрсетілетін сапаны арттыру мақсатында 1 қарашадан бастап төсек-жабдықпен қамтамасыз етудің жаңа стандарты енгізілуі тиіс болғанын мәлімдеді.

"Жеткізуші тарапынан келісімшарт міндеттемелерінің уақтылы орындалмауы салдарынан бұл шара 20 қарашада жүзеге асырылады. Сол себепті, 1-20 қараша аралығында жолда жүру құжаттарын рәсімдеген жолаушыларға сервистік алым құны қайтарылатын болады. Арыз корпоративті temirzholy.kz сайтында құжатты, жеке куәлікті тіркей отырып кері байланыс үшін мәліметтерді көрсете отырып қабылданады",- деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Тасымалдау операторы сонымен қатар жолаушыларға төсек-жабдық сапасы бойынша 1433 бірегей нөмірі мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының блогына хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel