Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаным қазағым": Атақты қырғыз блогері жұртты батыл пиар жасауға шақырды

Опубликовано:

Қырғыз елінің оятқышы атанған танымал блогер Гүлзат Мамытбек қазақ халқына деген көңілі ерекше екенін жасырмады. Ол Қазақстан мен Қырғызстан батыл түрде пиар жасау керек деген ойда деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Танымал блогер атанған қырғыз қызы қазақтарға "көп пиар жасауға" кеңес береді
Гүлзат Мамытбек. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Блогер әйел халқымыздың құндылығына кретивті пиар жасау арқылы әлем назарын аударуға болатынына сендіреді.

"Мен саясатқа да пиар жасауға дайынмын. Ештеңеден қорықпаған дұрыс. Қазақстанға және Қырғызстанға көп пиар жасау керек.

Мен көптеген шет мемлекеттерде болдым. Ол жақта анасы қызымен, әкесі ұлымен бірге отырып  шылым тартып, ішімдік іше береді. Соны экран мен желіден көрсету арқылы пиар жасап жатыр.

Біз осындай түсінікті жоққа шығарып, өз салт-дәстүрімізді көбірек көрсетуіміз керек. Бізде "төр", "үлкен кісі" деген түсініктеріміз бар. Басқаларда жоқ құндылықтардың бізде барын мақтан тұтуымыз керек.

Батысты біздің менталитетке үйрете аламыз. Ол үшін аяғымызды нық, басымызды тік ұстап, экономикалық жағдайымызды реттеуге тиіспіз. Әр адам батыл пиар жасасын, кез келген істі өзіңнен баста", - дейді Гүлзат Мамытбек.

Танымал блогер арты не болады деп ұзақ ойланбауға кеңес береді. Ол үнемі алда болып, өзгенің көңілін өзіңе аудара біл деген қағиданы ұстанады.

"Өзімнің отыздан аса жобам бар. Адам бір нәрсемен шектеліп қалмау керек. Бәріне үлгересің. Бір нәрсе сені жалықтырып жібереді.

Көбіміз "Жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген қағидамен жүреміз. Дұрыс емес! Қазір заман басқа. Қажет болса, жеті рет кесіп таста.

Ойланып отыратын уақыт емес, әрекет ету керек. Мен кәсіби пиарщикпін. Пиардың жауы - қарапайымдылық. Жаным қазағым, қырғызым батыл болайық", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827666-tanymal-bloger-atangan-kyrgyz-kyzy-kazaktarga-kp-piar-zasauga-kees-berdi/

pixel