RU
12 жастағы қыздар ММА жарысында күресті (видео)

12 жастағы қыздар ММА жарысында күресті (видео)

Рассказать Вконтакте

Conquest of the Cage Krem 2 аралас жекпе-жек бойынша жарыс АҚШ-тың Вашингтон штатында өтті. 12 жастағы екі қыздың кездесуі кештің ең басты оқиғасы болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балалардың кезедсуі аралас жекпе-жектің әуесқой ережелері бойынша өтті. Eurosport басылымының хабарлауынша, қыздарға шынтақпен бастан ұруға тыйым салынған.

Дарина Глассберн мен Лола Попадатос қоршаулы алаңда кездесті.

12 жастағы қыздар бірін-бірі ұрмай, жекпе-жек бастала салысымен бірден күресбастады. Нәтижесінде кештің ең басты кездесуі Лоланың жеңісімен аяқталды.

Қыз қарсыласының қолын ауырсыну үстінде алды.

Жекпе-жектен кейін қыздар бір-бірін құшақтады.

Басылымның сөзінше, "Мәңгіжасыл штаттағы" жарыстың алдында 12 жастағы қыздардың жекпе-жегі ұйымдастырушылардың басын дауға қалдырған. Алайда кездесудің өзі қиындықсыз өтті.

Атап өту керек, жеңімпаздың анасы ММА-дың кәсіби маманы. Синди Дандуа Bellator, Rizin мен UFC секілді ірі промоушндарда өнер көрсетті.

Кештің барысында оның жекпе-жегі де өтті. Синди Лоланың алдында өнер көрсетті. Әйел адам қарсыласын жеңіп шықты.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Шешенстанда өткен ММА жарысында балалар мен соның ішінде Рамзан Кадыровтың ұлдарының қатысуымен өткен жекпе-жек желіде наразылық тудырған еді.

Атың аңызға айналған ММА күрескері Федор Емельяненко балалардың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді сынға алды. Нәтижесінде шешен спортшылары мен жарыс ұйымдастырушылары "Соңғы император" туралы ойларын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel