RU
Айсәуле Бақытбек келіндердің құдалықта халат киіп жүретініне шүйлікті

Айсәуле Бақытбек келіндердің құдалықта халат киіп жүретініне шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Айсәуле Бақытбек беташар мен құдалық кезінде келіндердің халат пен үй аяқ киімін киіп шығатынына шүйлікті. Отандық танымал продюсердің қызы жар атанған арулардың дәл осы "образын" кім және не үшін ойлап тапқанын түсінбей әлек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алагөзованың тұңғышы ұлттық салт-дәстүр кезінде қазақ келіндерінің киіп шығатын киіміне қарсы екенін білдірді.

Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде жаңа отбасына енді ғана қадам басқан келінге халат пен "тәпішке" және шұлық кигізуге өз наразылығын білдірді.

"Маған осы екі сұраққа жауап керек. Беташар мен құдалық кезінде келіндерге не үшін міндетті түрде халат пен үй аяқ киімін кигізеді. Оны ойлап тапқан кім өзі? Және адамдар бұл жайтқа қалайша қолдау білдіреді? Түсіне алар емеспін. Не үшін" , - деп өз ойын жеткізді танымал ару.

Желі қолданушылары Айсәуленің бұл сауалына жарыса жауап берген.

Көпшілік қазіргі таңда барлығы дерлік мұндай "образды" таңдамайтынын алға тартуда. Қыз-келіншектердің көбісі беташар кезінде әдемі көйлек кигендерін жазды.

Сондай-ақ, ондай киімде тұрған ештеңе жоқ екенін жазғандар да табылды.

Айта кетейік, атышулы продюсердің қызы да осы жылдың наурыз айында тұрмысқа шығып, келін атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз
14
3
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel