RU
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері блогерге айналды

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері блогерге айналды

Рассказать Вконтакте

О баста немересінің желідегі парақшаларынан көрініп тұрған әжей көп ұзамай жеке парақша ашып, Instagram-да жұлдыз болды. Немересінің сөзінше, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін көруге адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатыр деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Екатеринбург қаласының тұрғыны Алефтина Груздкова Instagram-нан парақша ашып, 97 жасында блогер атанды. Лайфу мен әженің немересі Константин Перминов қарияның желіде қалай пайда болғанын баяндап берді.

Оның сөзінше, маусым айында оны өздерін газ қызметінің жұмысшылары деп таныстырған алаяқтар алдап, тонап кеткен. Әжейдің көңілін аулау мақсатында немересі оған кішігірім планшек әперіп, Instagram және өзге де қосымшаларды орнатып берген екен.

О баста блогер-әжей неремесінің парақшасынан көрініп тұрды, кейіннен оның кішігірім аудиториясы пайда болды. Сол кезде жақындары әжейге жеке парақша ашуды жөн көреді.

"Бұрын өз парақшама әжемнің суреттерін жүктеп тұрдым. Жеке блог ашуды ұсындым, дауыс беру ұйымдастырдым. Сол кезде адамдар әжемнің жеке парақшасы болуын қалап, соған дауыс берді", - деді Константин.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің парақшасында оның өлең оқып отырған видеолары мен суреттер, жазбалар мен стористер бар.

Блогердің немересі әжейдің адамдармен араласқанды ұнататынын және оған өзге мемлекеттен қонақтар келіп тұратынын алға тартты.

"Көптеген бейтаныс адамдар қорнаққа келгісі келетінін айтады. Оған Австралия, Жаңа Зеландия, Голландия, Кипр мен Америкикадан қонақтар келді. Олардың басым бөлігі фотографтар. Соңғы рет "Метод Хитча" фильмін түсірген кинорежиссердің әйелі келіп кетті. Әжемнің төс белгілері сақталып қалды", - деді Константин Лайфруға.

Оның сөзінше, әжей әрдайым қонақтарды жылы қарсы алады.

Бірнеше күн бұрын әженің блогында оның құлап, дәрігерлер жамбас мойынының сынығын анықтағаны жазылған еді. Зейнеткерге ота жасалды, қазір оның жағдайы жақсарып келеді. Жағдайына қарамастан қария әлі күнге дейін өлең оқуын тоқтатпай жүр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel