Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай одақтың не қажеті бар": Лукашенко Ресеймен ықпалдастық туралы айтты

Опубликовано:

Беларусь президенті Александр Лукашенко парламенттік сайлау күні журналистермен кездесіп, ең өзекті сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images
Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images: Depositphotos

Даулы мәселеге қатысты Беларусь президенті не ойлайтынын "КП" басылымы мәлімдеді.

Лукашенко егер құжаттар ел Конституциясының талаптарына, сондай-ақ Беларусь халқының өмір сүру қағидаттарына сәйкес келмесе, қол қоймайтынына сендірді.

Президент бұған дейін премьер-министр Сергей Румас та назар аударып, келісімге қол қоюдан бұрын түбегейлі маңызды мәселелер шешілетіндігін хабарлағанын айтты.

Оған шенеуніктер көмірсутектерді жеткізуді, Белорус тауарлары нарығын ашуды, сондай-ақ кедергілерді жоюды жатқызады.

Президенттің айтуынша, ел жыл сайын 9 млрд доллар жоғалтады.

Лукашенко бұл Ресейдегі Беларусь тауарларының Беларусьтегі ресейлік тауарларға қарағанда аз сатылуына байланысты екенін түсіндірді. Сондықтан ел Ресей аумағында саудаға мүдделі. Алайда, Мемлекет басшысының айтуынша, оларды ол жерге жібермейді.

"Кешірңіздер, мұндай одақтың не қажеті бар. Бұл туралы президент біледі, біз доспыз. Біз бұл ақшаны басқа нарықтарда жабамыз. Біз тең шартты қалаймыз-сонда ғана одақ болады. Мүмкін мемлекет біріктіруге жететін шығармыз. Бірақ, қазір алаңдамаңыздар. Мен де сіздер сияқты патриотпын",- деді Лукашенко.

Ел басшысы ол үшін шаруашылық жүргізудің тең шарттарының маңызы зор екенін атап өтті.

Лукашенконың айтуынша, Беларусь еш нәрсе талап етпейді және ештеңе сұрамайды. Алайда, мемлекет үшін елдер одағын бекітетін тең жағдайлар қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827684-mndaj-odakty-ne-kazeti-bar-lukasenko-resejmen-ykpaldastyk-turaly-ajtty/

pixel