RU
"Шақырмады": Айгүл Иманбаева жақын құрбысы Алагөзоваға реніш білдірді

"Шақырмады": Айгүл Иманбаева жақын құрбысы Алагөзоваға реніш білдірді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өнердегі жан құрбысы Баян Алагөзоваға ренжіп жүрген көрінеді. Шоу-бизнес жұлдызы өзін белгілі продюсердің фильмдеріне шақырту алмай жүргенін айтып, оған өкпесін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Иманбаева осымен бірнеше кино таспалап үлгерген жақын құрбысы өзін мүлдем елемей жүргеніне қапалы.

Алагөзова актрисаны соңғы рет эпизодтық рөлді сомдауға ғана шақырған көрінеді.

"Иә, әлі сөйтіп жүр. Осы жерде де "Я пышка" деген кино түсіріп жатыр. Шақырмады. Бір-ақ рет бір үлкен сахнасына кілең сұлулармен подиумдағы мода көрсетіп жатқан сәтке түсуге шақырды.
Ол кезде мен астанадан келе алмайтын болдым. Басты рөлді бермесе, енді бармаймын мен Баянға" , - деді әнші.

Сонымен қатар, ол жұлдызды продюсермен арадағы достығы туралы бар шындықты ашты.

Иманбаева атышулы құрбысымен бүгінгі күні қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

"Екеуміз де тарс-тұрс, бетке осып салып отыра беретін адамдар қатарынанбыз. Біз бір-біріміздің артымыздан сөйлегенше, бетке айтып қойып отыра береміз.

Ол әлі күнге дейін солай. Қазіргі таңда, кейінгі жылдарда күндіз-түні қазан-ошағымыз бен ыдысымыз араласып жатқандай араласып жүрген жоқпыз.

Өйткені, Баянның өз өмірі, менің өз өмірім бар. Оның үстіне, мен астанаға көшіп кеттім. Бірақ, келгенде сағынысып көрісеміз. Одан кейін, қыстағы және жаздағы он күніміз міндетті түрде бірге демалыста өтеді" , - деп ағынан жарылды Иманбаева.

Сіздің реакцияңыз
1
4
1
1
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel