RU
Азық-түлік бағасы көтерілсе вице-министрлер мен әкім орынбасарлары жауап береді

Азық-түлік бағасы көтерілсе вице-министрлер мен әкім орынбасарлары жауап береді

Рассказать Вконтакте

Сауда-саттық министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында азық-түлік бағасын көтерген бірқатар өңірлердің әкімдерінің орынбасарларын жауапкершілікке тартуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім орынбасарлары мен вице-министрлер өңірдегі азық-түлік бағасын көтергені үшін жазаланады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Мәселені Асқар Мамин көтерді. Ол әріптестеріне жақында Ақмола облысында өткен отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азық-түлік бағасының негізсіз өсуі туралы хабарлағанын және бұл мәселеде тиісті бақылаудың жоқтығын атап өтті.

"Нәтиже ретінде, мәселен, күріш бағасы 2,3%-ға өсті, өңірлер ішінде Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл және Тараз қалаларында айтарлықтай өсім байқалуда. Бұл әкімдер мен ауылшаруашылық, ұлттық экономика мен сауда-саттық және интеграция министрлігінің толыққанды жұмыс істемей жүргені туралы айтып тұр.

Өз жауабында сауда-саттық және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазан айының басы мен 12 қарашаға дейін әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлардың бағасы 1,1%-ға көтерілгенін айтты. Сонымен қатар, егін жинауға қарамастан, тауар бағасының бірнеше пайызға көтерілгені байқалады.

Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлардың ең жоғарғы баға өсімі Атырау, Павлодар, Жамбыл областарында және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының шекгін асырған Қызылорда, Шымкент және Түркістан қалалары болып шықты. Бұл көкөніс, ұн нан және сиыр еті өнімдері еді. Жамбыл облысында 5 тауар бойынша баға өсті.

"Құрметті Асқар Ұзақпайұлы (Мамин – премьер-министр – ред.), мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы өңір әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жауапкершілікке тартуды ұсынамын" , - деді Сұлтанов.
Оның мәліметінше, мына өнімдердің бағасы - өсімдік майы 0,4%, картоп 3,4%, сәбіз 4,5%, пияз 5,8%, орамжапырақ 7,7% және қант 7,9%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, үкімет басшысы баға өсуінің алдын алуға жауапты адамдарға тәртіптік жаза қолдануды тапсырды. Атап айтқанда, бұл ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрлерінің орынбасарлары.

Сондай-ақ, өңірлік әкімдердің орынбасарлары да жазаланады.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel