Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олеся Кексельге қатысты тергеу туралы Тұрғымбаев тың деректермен бөлісті

Опубликовано:

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олеся Кексель. Фото: time.kz. Ерлан Тұргымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Олеся Кексель. Фото: time.kz. Ерлан Тұргымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Министр қадағалау органының бұрынғы қызметкері қазіргі уақытта Қазақстанда екенін айтты.

Ал бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Олеся Кексельдің Бас Прокуратурадағы мансабынан босатылғаннан соң кеткені хабарланған.

Тұрғымбаев тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ведомство басшысының сөзінше, Ішкі істер министрлігіне тергеу жүргізу туралы Бас прокуратурадан арызбен бірге өтініш түскен.

Ішкі істер министрі әзірге басқа мәліметтерді жарияламады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Олеся Кексельге қатысты ІІМ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827695-olesa-kekselge-katysty-tergeu-turaly-trgymbaev-ty-derektermen-blisti/

pixel