Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Акцентсіз": Қазақша ән шырқаған Азамат Мұсағалиевке ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Ресейде туып-өскен танымал әзілкеш Азамат Мұсағалиев қазақ тіліндегі өлеңді акцентсіз орындап, жұртты таңғалдырды. Қазақ ұлтынан шыққан өнер иесінің ана тілінде ән шырқағаны көптің көңіліне жағып, желідегілерді тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Мұсағалиевтің қазақша ән айтып жатқан сәтін Instagram желісіне қазақстандық әзіл әлеміне танымал Данияр Жұмаділов жариялаған.

Отандық әзілкеш Ресейде өскен қандасының ана тіліндегі өлеңді еркін шырқағанына өзі сүйсініп, көпшілікпен бөлісуді жөн санаған.

"Бауырым, ана тілінде ән айтқаның сондай керемет әсер қалдыруда. Жақында махаббат туралы туынды" , - деп жазды ол бейнежазбаның астына.

Желі қолданушылары да Мұсағалиевтің қазақ тілінде ешбір акцентсіз ән шырқағанына тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін қарша жаудырған.

"Неткен әдемі ән, керемет орындау", "Қазақша ән айтқаны керемет екен" , "Бұл кісі қазақша сөйлей алмайды ма деп жүрсем. Жарайсыз, мені таңғалдырдыңыз" , "Ол қазақша әнді акцентсіз шырқады ма?", "Даусы жақсы екен ғой. Тек орысша әндер айтатын еді. Қазақша әндерді де жақсы орындайды екен", "Азамат, Қазақстан халқының атынан сұраймын, қазақ тіліндегі әндерді көбірек шырқаңызшы! Жанға жағымды! Сіздің бар болғаныңыз үшін рахмет" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827702-akcentsiz-kazaksa-n-syrkagan-azamat-msagalievke-el-sjsindi-video/

pixel