RU
Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды

Рассказать Вконтакте

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов WBC Continental Americas титулының бұрынғы иегері Алан Санчеспен қолғап түйістіреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап

Қос боксшы арасындағы кездесу 20 желтоқсанда АҚШ-тың Аризона штаты Финикс қаласындағы Talking Stick Resort кешенінде өтеді.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

BoxRec.com мәліметінше, қазақстандық боксшы 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Елеусіновтің қарсыласы WBC Continental Americas титулының бұрынғы иегері, экс-чемпион ретінде бокс жанкүйерлері арасында танымал.

Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешіндегі басты кездесу орта салмақтағы әлемнің экс-чемпиондары, америкалық Дэниэл Джейкобс пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавестің арасында өтеді.

Ал Данияр Елеусінов пен Алан Санчес бокс кешінің андеркардында өнер көрсетеді.

Еске сала кетсек, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 14 қыркүйегінде өткізді. Ол Нью-Йорктегі бокс кешінде бұрын жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикспен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа түсірді.

Отандық спортшы осы уақытқа дейін 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel