RU
Танымал актер Джонни Деппті қазақстандық сүйіктісі тастап кетті

Танымал актер Джонни Деппті қазақстандық сүйіктісі тастап кетті

Рассказать Вконтакте

24 жастағы биші Полина Глен танымал актер Джонни Деппті тастап, оның Лос-Анжелестегі үйінен кетіп қалған. Инсайдердің мәліметінше, бойжеткен айналасындағы қысымнан әбден шаршаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Эмбер Хердпен ажырасқаннан кейін Джонни Депп сот отырыстарына баруын жиілеткен. Олар өз кезегінде актердің көп уақытын алған.

24 жастағы Полина Глен осы мәселелер мен актердің танымалдығы ол үшін өте ауыр жүк екенін түсінген.

Дереккөзге сілтеме жасаған Daily Mail ақпаратынша, бойжеткен Джонни Деппен айырылысып, оның үйінен кетіп қалған. Туыстарының айтуынша, ару жан-жағындағы қысымнан шаршапты.

Осылайша, Санкт-Петербургтен шыққан биші Ресейге қайта оралған.

"Полина осы қарым-қатынастың салдарынан өзіне көп назар аударды. Оған бұл ұнамаған еді. Қазіргі уақытта ол Ресейде тыныш өмір сүріп жүр. Ол тіпті, жұлдыздың үйлену туралы ойы - миға қонымсыз екенін айтыпты", - дейді бишінің достары.

Бұған дейін баспасөзде қос ғашықтың үйленіп, той жасағалы жатқаны хабарланған еді. Депп ресейлік арудың ата-анасымен таныспақ болды. Айта кетейік, қыздың анасы болашақ күйеу баласынан төрт жасқа кіші болатын.

"Оның сөздері мен Эмбер Хердпен соттасуы біз үшін сынақ болды", - дейді инсайдерлер.

Қауесеттерге сенсек, жұп Лос-Анжелестегі сауық кештерінің бірінде танысыпты. Ол кезде Полина оның алдында "Пираты Карибского моря" фильмінің актері тұрғанын білмеген екен.

Сонымен қатар, арудың актердің үйінде тұрғаны туралы да алып-қашпа әңгімелер тараған еді. Алайда екі тарап та қарым-қатынастары жайлы пікір білдірген жоқ.

Сондай-ақ, журналистер Полинаның түп негізі Қазақстаннан тарағанын анықтады.

Оның анасы Ирина Глен Қазақстанда туып, кейін отбасымен бірге Ресейге қоныс аударыпты. Полина Санкт-Петербург қаласында дүниеге келді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында БАҚ-та Джонни Депптің сүйіктісіне үйленгелі жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel