RU
Алматы полициясын тексерген Сағынтаев Күдебаевқа ескерту жасады (фото)

Алматы полициясын тексерген Сағынтаев Күдебаевқа ескерту жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Кеше түнде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мобильді полиция бекеттерінің жұмысын ескертусіз тексеріп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Telegram/Алматы әкімдігі

Фото: Telegram/Алматы әкімдігі

Бұл туралы мегаполис басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазып, суреттермен бөлісті.

Оның айтуынша, полицияның мобильді постылары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың постылардан көрінбейтініне шағымданған.

"Кеше кешкісін еш ескертусіз "Атакентте", "Мерей" СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов – Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди паркінде орналасқан мобильді пункттерді тексердім. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды", - деді қала басшысы.

Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге немқұрайды қарауға болмайтынын ескертті.

"Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы С. Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды", - деді ол.

Алматы әкімі атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынатынын жеткізді.

Оның сөзінше, қала тұрғындарының қауіпсіздігі — жұмыстың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel