RU
Жол үстінде атыс ұйымдастырған қарағандылық сотталды

Жол үстінде атыс ұйымдастырған қарағандылық сотталды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда автокөлік иесі жолын кесіп кеткен такси жүргізушісі мен оның жолаушысына бірнеше рет оқ атты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға биылғы сәуір айында орын алған. Жақында 30 жастағы жүргізуші Қазыбек би айдандық сотында жауапқа тартылды.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, күдікті 22 сәуірде түнгі мезгілде Қарағанды көшісінің бірінде такси жүргізушісімен жолға таласып қалған. Ол жолын кесіп кеткен жүргізушіні қуып жетіп, алдын бөгеп, автокөліктен шығуға мәжбүрлеген.

"Сотталушы қалтасынан тергеу барысында анықталмаған қара түсті тапаншаны алып шыққан. Қоғамдық тәртіпті бұза отырып, такси жүргізушісіне әдейі қару кезеген. Атуға талпынғанын көріп, таксисит оның қолына жармасқан. Оқ жерге тиді. Сол сәтте такси автокөлігінде отырған жолаушы сыртқа шығып, бұзақыны тынышталдыруға тырысқан. Алайда, сотталушы тапаншаны оған қаратып, бірнеше рет оқ атқан", – делінген қылмыстық істің материалдарында.

Нәтижесінде, жолаушы қолынан және кеудесінен оқ жарақатын алды. Содан соң сотталушы автокөлігіне отырып, оқиға орнынан ізін жасырған. Жол-жөнекей тапаншасын лақтырып жіберген.

Такси жүргізушісі полицияға хабар беріп, жолаушыны ауруханаға жеткізген. Абырой болғанда, дәрігерлер қанды тоқтатып алды. Бір оқ жәбірленушінің саусағына тиген екен. Сондай-ақ ол кеуде қуысынан жарақат алған.

Шақырту бойынша келіп жеткен полиция қызметкерлері күдіктінің автокөлігін анықтап, оны қолға түсірді. Алайда, тәртіп сақшылары оның қандай қарумен оқ атқанын анықтай алмады. Сотталушының өзі травматикалық тапаншаны қолданғанын айтуда.

Сот отырысында ол істеген ісіне өкінетінін айтып, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Сот оны ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, пробациялық бақылау орнатумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel