Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шетелдегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік берген тарихи құжатты көрсетті (фото)

Опубликовано:

18 қараша шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР үкіметінің қаулысы қабылданған күн болып табылады. Тарихи құжатты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн астам қазақ көшіп келді", - деп жазды президент.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарды "Оралман" сөзінен бас тартуға шақырған болатын.

"Мен бұрын айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты айтылатын "оралман" сөзінен бас тартып, орнына Қандас терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деді ол.

Тоқаевтың пікірін желі оқырмандары да қолдады.

"Біздің президент Қасым-Жомарт Кемелұлы дұрыс айтты, мен қандас сөзін қолдаймын, өйткені бауырлас деген сөздің ұғымы өте кең, нақтылық көрінбейді", "Керемет айттыңыз", "Дұрыс", "Мен сізді толықтай қолдаймын", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1827742-tokaev-seteldegi-kandastarymyzdy-elge-oraluyna-mmkindik-bergen-tarihi-kzatty-krsetti-foto/

pixel