RU
"Ажырасқанын тойлаған": Оралда ер адамның 60 джипті не үшін жалға алғаны белгілі болды

"Ажырасқанын тойлаған": Оралда ер адамның 60 джипті не үшін жалға алғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Оралда полиция 60 джипті жалға алған ер адамды ұстаған еді. Анықталғандай, ол әйелімен ажырасқанын тойлаған екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап.

"Ажырасқанын тойлады": Алматылық тұрғынның 60 джиппті не үшін жалға алғаны белгілі болды

Фото: uralskweek.kz сайтынан алынды

Полицияның мәліметінше, ер адам бұрында сотталған және бір өзі барлық 60 көлікті жалдап алған екен.

"Азамат 60 жол талғамайтын көлікті жалдап, серуендеді. Бұрын ол бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта біз оның бұрын жасаған қылмыстарға қатыстылығын тексерудеміз. Дәл қазір айта алмаймын, белгілі бір ақпарат бар. Жол талғамайтын көліктерді бір адам жалдаған", - дейді Мирлан Айкенов.

Үш сағаттан кейін ұсталған адам мен джипп жүргізушілері босатылды.

Полицияның анықтамасы бойынша, ер адамның үстінен жергілікті тұрғындар шағымданған. Олар осынша көліктің бір жерде жиналуына алаңдаушылық білдіріпті.

Басылым ер адам жалған көлік иелерімен және полиция қызметкерлерінің бірімен сөйлесіп, мән-жайды білуге тырысқан. Олар көліктерді жалға алған адамның Аягөз қаласынан келгенін және бұған дейін кісі өліміне кінәлі деп айыпталып, сотты болғанын айтқан.

Осы оқиғаның алдында ол жұбайымен ажырасыпты. Оларға тиесілі болған пәтер сатылып, ақшасы екі тарапқа теңдей бөлініпті. Келесі күні ер адам 60 джипп жалдап саунаға кеткен сол жерде оны полция ұстаған. Ол әр көлікті бір сағатқа жалдау үшін 15-20 мың теңге жұмсаған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда белгісіз адамның 16 қараша күні 60 джипп мініп, қаланы серуендегені белгілі болды.

Ер адамның көп ұзамай сауна маңынан ұсталғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
5
1
2
0
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel