RU
"Ол қабанды жеңу үшін қажетті бабымда болмадым": Ковалев жеңілісі жайлы шындықты айтты

"Ол қабанды жеңу үшін қажетті бабымда болмадым": Ковалев жеңілісі жайлы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы ресейлік әлем чемпионы Сергей Ковалев мексикалық боксшы Сауль Альвареспен өткен кездесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ковалевтің сөзінше, өзінің әу бастан Альваресті жеңуге мүмкіндігі болмаған.

Айтуынша, оның жеңісіне сенген адамдардың бокстан түк хабары жоқ.

"Әрине, мені "беріле салды" деп кінә тағып, балағаттап, алалайтын адамдар көп. Оларға да дөрекі жауап қайтаруыма болар еді, алайда, қатты айтпаймын. Қызықтыратын коэффиценттер болғандықтан, маған бәс тігіп, менің жеңісіме сенген адамдарға айтарым – "Канеломен" кездесу үшін маған қойылған шеңберлер мен жағдайларды ескере отырып, бұл жекпе-жекті жеңу мүмкін болмады.
Ол "қабанды" жеңу үшін қажетті бабымда болмадым. Менің жеңісіме бәс тігіп, баюды көздеген адамдар ашкөздіктерінің арқасында осындай жағдайға тап болды. Менің жеңісіме сенген адамдар спорттың бұл түрінен түк қақпайды деп батыл айта аламын.
Менің салмағым болған жоқ. Бұл салмақ санатына кіру үшін көптеген түндерді ұйқысыз өткізіп, қиналдым. Әрине, өйткені бұл қаржылық тұрғыдан қызықтырарлық ұсыныс болды. "Канело" мен оның командасы барлығын есептеген.
Жекпе-жекті бірнеше рет кейінге шегерді. Оған дайындаламын деп, ағзамды біраз қинап алдым. Тіпті, 11-ші раундқа дейін қалай жеткенімді түсінбеймін. Жетінші раундтан кейін-ақ шамам таусылып жатқан", – деді Ковалев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес ресейлік Сергей Ковалевпен болған жекпе-жек ұзаққа созылады деп күтпегенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
4
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel