Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ баласы Жапонияда сумодан жастар арасында чемпион атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал журналист, "Қазақ күресі" ұлттық федерациясының президенті Арман Шораев өзінің желідегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның жазуынша, отандасымыз Ерсін Балтағұл Жапонияда сумодан жастар арасында чемпион болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Instagram

"Біздің қарапайым ғана қазақ баласы Ерсін Балтағұл Жапонияда жастар арасында сумодан чемпион атанды! Ерсін төрт жыл қатарынан Токиода тұрып, сол жақта оқып жатыр. Моңғол бауырымыз Асашери Акинориге біздің баламызды төрт жыл бұрын таңдап, күрес мансабына жол ашып бергені үшін үлкен рахмет айтамыз", - деп жазды Арман Шораев.

Желі қолданушылары Ерсінді жаппай құттықтап, оған ақ тілегін жаудырды.

Айта кетейік, Ерсін Балтағұл алғаш рет Жапонияға 2016 жылы 18 жасында аттанған.

Спортшы басылым беттерінде берген сұхбатында бала күнінде қазақша күрес және дзюдамен айналысқанын айтқан.

Сондай-ақ ол Жапониядағы өмірі жайлы атап өткен. Айтуынша өзге елге барғанда, бастапқыда қиналғанымен, кейін ел климаты мен жергілікті тағамдарға бірте-бірте үйренген екен. Бүгінде ол Жапонияның Нихон университетінде үш бапкерден тәлім алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827756-kazak-balasy-zaponiada-sumodan-zastar-arasynda-cempion-atandy-foto-video/

pixel