Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес жасында стюардессамен суретке түскен балақай 15 жылдан кейін онымен қайта қауышты (фото)

Опубликовано:

Қытайда бес жасында стюардессамен суретке түскен бала 15 жылдан кейін ұшақ қызметкерімен қайта көріскен. Бір қызығы сол кездегі бүлдіршін мен бойжеткен бүгінде әріптес атанған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Beijing Youth Paper Daily
Фото: Beijing Youth Paper Daily: Instagram

Басылым дерегінше, Сюй Ян Фэну бірінші рет бес жасында ұшаққа мінген. Ол сол уақытта әуе кемесінің салонында сұлу сюардессамен суретке түсіп алды.

Балақайға ұшаққа алғаш рет отыру қатты әсер етсе керек, қытайлық бүлдіршін осыдан кейін ұшақта жұмыс істеуді армандаған.

Қазіргі уақытта Сюй Ян Фэну Қытайдың азаматтық авиация университетінің үшінші кусында оқиды.

Ол жақында тәжірбиеден өту үшін әлемге әйгілі China Eastern Airlines әуе компаниясына барған.

Бұл тәлімгер үшін күтпеген жағдаймен ұласты. Себебі студент 15 жыл бұрын өзі суретке түскен стюардессамен екінші рет қайта кездескен.

Сөйтіп олар әріптес атанған.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, борт қызметкері де 15 жыл бұрын өзімен суретке түскен баланы есіне түсіре алған.

Осылайша олар ең алғашқы суретті қайталау мақсатында суретке түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827761-bes-zasynda-stuardessamen-suretke-tsken-balakaj-15-zyldan-kejin-onymen-kajta-kauysty-foto/

pixel