RU
Алматыдағы жатақханада белгілі "клоун Кроха" соққыға жығылды

Алматыдағы жатақханада белгілі "клоун Кроха" соққыға жығылды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде "Тұран" университетінің жатақханасында алматылық Самат Рамазановты соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Сирек кездесетін "мукополисахаридоз" дертіне шалдыққан Самат сондай-ақ көпшілікке "клоун Кроха" есімімен белгілі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Эля Алиева

Фото: Facebook / Эля Алиева

Оқиға жөнінде алматылық Эля Алиеваның Facebook парақшасында жариялаған постынан белгілі болды.

Самат Рамазанов ұрып-соғу фактісі бойынша полицияға арыз жазған.

Оның арызындағы мәліметке сүйенсек, оқиға өткен сенбі күні кешке болған.

Алдын ала деректер бойынша, Самат Рамазанов бөлмедегі көршісімен сөзге келіп қалған. Ол өзін жайсыз сезінгендіктен, көршісінен терезені ашпауды сұраған. Алайда, ол Саматтың өтінішіне құлақ аспай, терезені қайта-қайта аша берген.

Салдарынан көршісі Рамазановты балағаттап, оған жұдырық ала жүгірген. Эля Алиева өз постында атап өткендей, бұл жігіт "Тұран" университетінің екінші курс студенті екен. Сондай-ақ ол бокспен айналысатын көрінеді.

Желіде оқиғамен бөліскен алматылық арудың айтуынша, аталған жігіт Рамазановтың ішінен және басынан тепкен. Алиева Саматтың осы оқиғаға дейін жүрегі ауыруына байланысты өзін жайсыз сезінетінін айтып, шағымданғанын жеткізді. Дәрігер оған тыныштық сақтап, көбірек ұйықтауға кеңес берген екен.

Алматы полициясы аталған оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"16 қарашада Бостандық ауданы полиция басқармасына Рамазановтан арыз түсті. Қазір ұрып-соғу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Оның шеңберінде дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау үшін міндетті сот-медициналық сараптама өткізіледі.
Содан кейін іс бойынша кінәліге қатысты заңнамалық шаралар қабылдауды қарастыратын қорытынды шешім шығады", – деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Университеттің баспасөз қызметі Tengrinews.kz порталына хабарлағандай, оқиға бойынша тергеу қолға алынған: боксшы-студент жатақханадан шығарылған.

Басылымның мәліметінше, ол жәбірленушіден кешірім сұраған.

Самат көпшілікке "клоун Кроха" есімімен белгілі. Ол онкологиялық ауруларға шалдыққан балалардың алдында тегін өнер көрсетеді. Сондай-ақ Рамазанов "мукополисахаридоз" диагнозы қойылған ең жасы үлкен қазақстандық екен.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel