RU
Алматыда соққыға жығылған "клоун Кроханың" қазіргі жағдайы белгілі болды

Алматыда соққыға жығылған "клоун Кроханың" қазіргі жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

"Тұран" университетінің жатақханасында көршісі соққыға жыққан Самат Рамазанов түрлі жарақатпен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Эля Алиева

Фото: Facebook / Эля Алиева

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім еткендей, одан бас жарақаты мен беттің жұмсақ тіндерінің зақымдануы анықталған.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Сондай-ақ ведомствода зардап шегушінің барлық қажетті емдерді алып жатқанын жеткізді.

Қазіргі уақытта ол нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Рамазанов Tengrinews.kz порталына айтып бергендей, ол тілдік кедергіге байланысты көршісімен онша араласпайды. Екеуі бірге тұрған екі жыл інішде араларында ешқандай дау-дамай туындамаған.

Оқиға болған күні Самат екі рет "жедел жәрдем" шақыртыпты. Айтуынша, көршісі оның терезені жабуға өтініш білдіруіне байланысты ашуланған.

"Сосын кенеттен төсекте жатқан жерімнен маған шап беріп, бар күшімен басымнан тепті. Кейін тағы бір соққы жасады, тіпті, есімнен танып қалған сияқтымын", – дейді жәбірленуші.

Ол көршісінің сыртқа дауыс естілмеу үшін әдейі есікті жауып алғанын айтады. Сондай-ақ Самат жәбірлеушіні кешіргені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде "Тұран" университетінің жатақханасында алматылық Самат Рамазановты соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel