RU
Қазақстанда әйелдерге арналған ипотека пайда болуы мүмкін

Қазақстанда әйелдерге арналған ипотека пайда болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Азия даму банкі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе отырып, Қазақстанда әйелдер ипотекасын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Болжам бойынша, оның шеңберінде нәзік жандыларға жеңілдетілген несиелер ұсынылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Аталған мәселені мәжіліс депутаты Ирина Смирнова көтерген болатын. Оның пікірінше, бұндай шара гендерлік теңсіздікті төмендетуге ықпал етіп, әділетті бюжет саясатын қамтамасыз етер еді.

Депутат гендерлік қаржыландыру еркектер мен әйелдерді жеке-жеке қаржыландыруды ғана қарастырмайтынын, бірінші кезекте, әрбір жеке азаматтың қажеттілігін ескеретінін атап өтті.

Смирнованың бастамасын ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қолдап, гендерлік қаржыландыруға деген көзқарасы оң екенін жеткізді. Айтуынша, Қазақстан аталған бағытта халықаралық ұйымдармен жұмыс жүргізіп те жатыр.

Ол сондай-ақ Азия даму банкі мен Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бұл орайда жаңа жобаны қолға алғанын жеткізді.

Министрдің айтуынша, банктер әйелдерге арналған ипотека жобасы бойынша жұмыс жасауда. Ол тек қана нәзік жандыларға 12%-бен ипотека беруді қарастырады.

Белгілі болғандай, Азия даму банкі "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның несиелік операцияларын кеңейтуге көмектесу мақсатында жергілікті валютада 100 млн АҚШ долларына тең қарызды мақұлдаған.

Болжам бойынша, жаңа жоба 3 мыңнан астам әйелге қолжетімді тұрғын үй қаржыландыруын пайдалануға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel