RU
Австралияда көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды (видео)

Австралияда көлемі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды (видео)

Рассказать Вконтакте

Австралияның солтүстік шығысындағы Квинсленд штатында көлемі тауықтың жұмыртқасындай болатын бұршақ жауды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Фото: ca-news.org

Фото: ca-news.org

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, алып бұршақтар автокөліктердің, үйлер мен кәсіпорындардың терезелерін сындырған.

Жауын-шашын салдарынан сымдар үзіліп, 20 мыңға жуық үй жарықсыз қалған.

Синоптиктер Квинсленд штатының тұрғындарына алдын ала ескерту жасаған болатын. Ауа райы болжамында бұршақтан бөлек, найзағай соғып, дауылды жел тұратыны хабарланған.

Еске сала кетейік, осыған ұқсақ оқиға 2016 жылы Қазақстанда да болған. Қарағандыда үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай болатын бұршақ жауып, үш бірдей елдімекенді басып қалғанын хабарлағанбыз.

Куәгерлердің айтуынша, алып бұршақ үй шатырлары мен көлік әйнектерін тесіп өткен.

Нұра ауданы әкімдігінің мамандары бір күнде табиғат апатынан зардап шеккен төрт көліктің иесі келгенін айтқан болатын.

Бұдан өзге, ірі бұршақ айналасы жарты сағаттың ішінде бау-бақшалар мен үй терезелерін зақымдап үлгерген. Сол кезде мамандар апат салдарын тұрғындардың өз күштерімен калыпқа келтіретінін атап өткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel