RU
"Клоун Кроханың" соққыға жығылуы: "Тұран" университеті мәлімдеме жасады

"Клоун Кроханың" соққыға жығылуы: "Тұран" университеті мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

"Тұран" университеті екінші курс студенті Самат Рамазановтың соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді. Университет басшылығы мұндай оқиғаның оқу орнының 30 жылдық тарихында алғаш рет болып отырғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: turan-edu.kz

Көрнекі фото: turan-edu.kz

Жоғары оқу орнында атап өткендей, жатақханада орын алған жағдайдан кейін ректораттың шұғыл жиналысы өткізілген.

"Клоун Крохаға" күш көрсеткен – "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша білім алатын екінші курс студенті Ермахан Өсеров болып шықты.

Ол Самат екеуінің бөлмедегі кезекшілік мәселесіне байланысты сөзге келіп қалғандарын айтады. Дегенмен, Ермахан қазір жасаған ісіне өкінетінін жеткізген.

Бұдан бөлек, университетте Ермахан Өсеровтің боксшы екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқу орнында оның шынығып жүрген басқа студенттерді көру үшін бокс залына тек бірнеше рет кіргенін атап өтті. Бұл мәліметті бокс жаттықтырушысы да растап отыр.

Ақыры, Өсеровті жатақханадан шығаруға шешім қабылданған. Оның оқу орнында ары қарай білім алу мәселесі оқиғаның мән-жайы толық анықталып болған соң және жәбірленуші ауруханадан шыққаннан кейін қарастырылады.

Сонымен қатар, тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға, жатақхана әкімшісіне және университет декандарына қатысты тиісті шаралар қабылданатыны белгілі болды.

"Қазір бастысы – Саматтың жағдайы, медициналық тексеру нәтижесі жақсы болады деп үміттенеміз", – делінген "Тұран" университетінің ресми мәлімдемесінде.

Ермахан Өсеровтің бүгін ауруханаға барып, Рамазановтан тағы да кешірім сұрағанын айта кету керек.

Белгілі болғандай, жәбірленуші оған кешірім беруге дайын, алайда, алдымен сараптама нәтижесін білуге ниетті.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде "Тұран" университетінің жатақханасында алматылық Самат Рамазановты соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Сондай-ақ, ведомствода зардап шегушінің барлық қажетті емдерді алып жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel