RU
25 жыл істеген жұмысын тастап, асыл тұқымды қоян шаруашылығын ашқан шымкенттік кәсіпкер кім

25 жыл істеген жұмысын тастап, асыл тұқымды қоян шаруашылығын ашқан шымкенттік кәсіпкер кім

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік Елена Важенина 25 жыл бойы логистика саласында еңбек еткенімен, оны тастап, 38 жасында өз кәсібін бастап, оны дамытуды қолға алған. Бір қызығы кәсіпкер ел көп біле бермейтін қоян шаруашылығымен айналысуды жөн көреді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген кәсіпкер келіншек аталған кәсіпке қалай келгенін, шаруашылығында қандай қояндар асырайтынын айтып берді.

Фото кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Фото кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Елена қояндарды бала күнінен асырап, оларды қалай күту керектігін білдім дейді.

"Ата-анам бала күнімде үйде қоян асырағандықтан, мен оларды бағып-қағуды бала күнімнен үйрендім. Біздің үйде қояндар үнемі табылатын. Біз өзіміз, достарымыз үшін оларды асырайтынбыз.

25 жыл бойы логистика саласында жұмыс ісегендіктен, шыны керек, қояндарды көптеп асырауға мүмкіндік болмады. Себебі оларға үнемі күтім қажет еді. Осылайша көп уақыт бойы еңбек еткен саламды тастап, қоян шаруашылығын түптеп қолға алдым.

Фото кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Фото кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Қазір бізде 30-ға жуық қоян бар. Олардың барлығы асыл тұқымды қояндар. Әрине қоян етіне деген сұраныс көп. Алайда өкінішке орай бізде қоян шаруашылығы әлі күнге дейін көп дамымаған", - дейді кәсіпкер келіншек.

Елена Важенинаның айтуынша, қоян шаруашылығында бастысы – оларды дұрыс күте білу.

"Барлық инструкцияларды қатаң түрде сақтау қажет, уақтылы екпе жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Егер қоянды жақсы тамақтандырса, оның еті де мол болады. Алдағы уақытта осы бизнесімді кеңейтіп, қоян фермасын ашсам деймін.

Ниет болса бәрі сәтімен болады дейді, сондықтан қалай да сол мақсатыма жетсем деймін. Тағы бір тілегім біздің елімізде осы сала қолға алынып, дамыса екен деймін. Қоян шаруашылығы негізі өте табысты бизнес.

Біріншіден оның еті пайдалы әрі диеталық болып келеді. Екіншіден қоянның жүнінен ойыншықтардан бастап, түрлі аксессуарларға дейін жасайды", - деп өз кәсібінің сырымен бөлісті Елена.

Фото кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Фото кәсіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Сондай-ақ шымкенттік келіншек болашақ кәсіпкерлерге жаңа істі бастаудан қорықпауға шақырды.

"Мен бұл бизнесті бастағанда жасым 38-де болды. Өз ісіңда бастаудан қорықпау керек. Ешқашан. Әрине бастапқыда қиындықтар болуы мүмкін, бірақ оны да жеңуге болады. Алдына нақты мақсат қойған оған қалай да жетеді", - деп кеңес берді кәсіпкер.

Алдағы уақытта кәсіпкер әйел Шымкентте асыл тұқымды қояндардың халықаралық жәрмеңкесін өткізбек.

"1 желтоқсан күні Шымкентте Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қазақстанның басқа қалаларынан асыл тұқымды қояндардың жәрмеңкесі өтеді. Мұндай жәрмеңке біздің елде алғаш рет өткізіліп отыр. Тұрғындар қояндар көрмесіне қатысып қана қоймай, бұл жәрмеңкеде оларды сатып ала алады", - деп әңгімесін қорытындылады кәсіпкер.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel