Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды

Опубликовано:

Түркістан облысы Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген.

Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылғаны белгілі болды.

Ведомство дерегінше, бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылыпты.

Бұдан тыс, бұрғылау кезінде табиғи байлықтың қабыршақтары бөлініп шыққан.

Түркістан облысындағы "қара алтын" белгілері еліміздің тауларынан табылған алғашқы мұнай болып табылады.

Бұл Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай және газды іздеу үшін аса маңызды қадам болды.

Айта кетейік, осыған дейін Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кені табылған болатын.

Олардың ең ірілері – Амангелді және Придорожное кендері.

Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан "қара алтын" іздеудің өзектілігі арта түсті. Учаскелерді барлау және бұрғылау жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827842-kazakstanny-otstiginen-mnaj-tabyldy/

pixel