RU
Көшенің қақ ортасында би билеген жастар елдің ашуын тудырды

Көшенің қақ ортасында би билеген жастар елдің ашуын тудырды

Рассказать Вконтакте

Желіде екі жігіт пен бір бойжеткеннің көліктерге лық толы көшенің қақ ортасында билеген видеосы тарап, желідегілердің ашуына тиді. Жастар бағдаршамның қызыл түсі жанғанын пайдаланып, кептелісте тұрған жүргізушілердің назарын өздеріне аударған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Көше ортасында билеген жастардың видеосы Instagram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.

Бейнежазба Алматы қаласындағы Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында түсірілген.

Видеодан бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтт қысқа көйлек киіп алған ару мен екі жігіттің заманауи әнге билеп жатқанын аңғаруға болады.

Алайда, олар өз биін соңына дейін орындай алмады. Жасыл түс жанып, көліктер қозғала бергенде бойжеткен мен оның достары өз темір тұлпарына қарай қаша жөнелген.

Желі қолданушылары жастардың бұл әрекетін аса ерсі санап, сынға алды.

"Қоғамымыз не болып барады?", "Атың шықпаса, жер өрте деген осы болар" , "Масқара бейнебақылау камералары тұр ғой", "Жазаларын алсын, ерсі қылық танытқандары үшін" , "Айтарға сөз таппай тұрғаным. Тек қана ұяламын осындай жастар үшін", "Өздерінше жақсы нәрсе жасап жатырмыз деп ойлап жатқан болар" ,
"Көлік қозғалысына кедергі келтіріп тұр ғой", "Қауіпсіздікті сақтап тұрған жоқ, көлік қағып кетсе қайтеді?" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
12
2
1
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel