Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан сабақ тоқтатылды
Бүгін, 19-қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасының төмендігі салдарынан 0 мен 4-сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Мұндай ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтында пайда болды.
"Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел мен көру деңгейінің төмендеуі күтілуде) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін 19 қарашада сабақ болмайды", - делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 19-қарашада елордада қар жауып, боран соғатынын хабарлаған еді. Одан бөлек жел күшейіп, оның жылдамдығы 18 м/с болуы мүмкін екендігі айтылған.
Бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанда қар жауып, нәтижесінде қала көшелері мұзға айналған болатын.
Астаналықтар жаяу жүргіншілер жолының қатты тайғақ екеніне шағымданып, онда жүру мүмкін еместігін айтқан еді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар жағдайдың маңыздылығына қарамастан, әкімдіктің ешқандай шара қабылдамай отырғанын байқаған.
Алайда қала әкімшілігінің қызметкерлері Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер жолын қауіпсіздентіретін тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын хабарлады.