RU
Сегіз баласын бірнеше күнге қалдырып кеткен келіншектің басы дауға қалды

Сегіз баласын бірнеше күнге қалдырып кеткен келіншектің басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Ресей астанасы Мәскеуде бір әйел сегіз баласын пәтерде бірнеше күнге тастап кеткен. Бұл туралы тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Тергеу комитетінің өкілі 18 қарашада жедел жәрдем бригадасының Мәскеудің оңтүстік-батысындағы бір бөлмелі пәтерде суық тиюдің түрлі белгілері бар бір жарым жастан сегіз жасқа дейінгі балаларды тапқанын хабарлады.

Олардың аналары бірнеше күн бойы үйге келмеген болып шықты.

Иванованың айтуынша, балалар 1956 жылғы әжейдің қарауында қалған.

Baza басылымының ақпары бойынша, жедел жәрдем үйге барған кезде 63 жастағы әйелдің мас болғаны соншалық, ол тіпті, бір-екі сөздің басын құрап айта алмаған.

Балалар жастарына қарай түрлі мәскеулік клиникаларға жіберілді.

Толық емес отбасының алдын алу жүйесі органдарының есебінде тұрғаны белгілі болды.

Дәрігерлер балалардың өмір сүру жағдайы қолайсыз екенін жеткізіп, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар берген.

Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру ұйымдастырылды. Оған тергеушілермен қатар, Мәскеу прокуратурасының қызметкерлері де қатысады.

Тексеріс нәтижесінде алдын алу жүйесі органдарының жұмысына баға беріледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel