RU
"Ұшақпен алып қаштым": Айдар Тұрғамбек алғаш рет әйелі жайлы ашылып айтты

"Ұшақпен алып қаштым": Айдар Тұрғамбек алғаш рет әйелі жайлы ашылып айтты

Рассказать Вконтакте

Айдар Тұрғамбек жұбайымен қалай танысқанын айтып берді. "Жігіттер" квартетінің әншісі болашақ жарын арнайы Шымкент жақтан іздестіргенін мойындады. Ол сүйіктісімен шариғат бойынша екі рет қана көрісіп, үшінші кездесуде оны ұшақпен алып қашқан деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Шаңырақ көтергеніне он жылға жуық уақыт болған эстрада жұлдызы әйелін не себепті ел алдына шығармайтынын айтты. Әншінің сөзінше, көпшілікке көрінбеу - жұбайының өз қалауы екен.

"Менің әйелім суретке түсіп, оны желіге жариялаудан қашады. Камера алдында болғанды ұнатпайды. Табиғаты өзі сондай. Түскісі келмейді, той мен концерттерге барғысы келмейді. Біз екеуміз екі-үш көргененн кейін үйленгенбіз. Шариғат бойынша, бірінші кездесуде таныстық, екіншісінде бір-біріміз туралы айттық. Барлық кемшіліктерді айттық.
Мен өзім қызды сол Шымкенттен, Сарыағаш, Жетісай жақтан іздедім. Өйткені, ол жақта біздің менталитетке жақындау, біздің тәрбиемізге көнетін, күйеуін сыйлайтын, күйеуінің атын атамайтын қыздар тәрбиеленеді. Менің жұбайым менің атымды мүлдем атап көрген емес" , - дейді өнер иесі.

Сонымен қатар, Айдар Тұрғамбек жарын басында тек ұнатқанын, махаббат сезімі кейіннен пайда болғанын айтады.

"Махаббат бар, әрине. Бірақ, меніңше қатты ғашық болу ол Аллаға ғана арналады. Аллаға және оның елшісіне. Мен көргеннен кейін ұнаттым. Ғашық болдым деп айтпаймын. Екеуміз екі рет кездестік. Үшінші кездесуде мен оны алып қаштым", - деген әнші жарын ұшақпен алып қашқанын да айта кетті.

Сонымен қатар "Жігіттер" квартетінің солисі әйелі оның шығармашлығына асқан қызығушылық танытпайтынын да жасырмады.

"Мен қайда, қай қалаға, қандай тойға бара жатырмын немесе қандай ән жазып жатырмын? Ол кісіге мүлдем қызық емес. Біз тек отбасылық мәселелер бойынша кеңесеміз. Маған сол жақсы. Мен сол үшін оны қатты жақсы көремін, құрметтеймін. Махаббат кейін келе бастады. Басында ұнату ғана болды. Кейіннен махаббат уақытымен күшейе бастады.
Үйге келген сайын, әрқашан жылы шырайлы, үй тап-таза, бала-шаға ұқыпты. "Қайдасың? Қашан келесің? Қайда жүрсің? Не істеп жатырсың?" Мұндай сұрақтар мүлдем жоқ. Менің әйелім - ол менің отбасым. Мен оны көрсем рахаттанамын. Ол - өте білімді адам. Оған өзінің кітаптары қызық. Болашақта кітап жазса, керемет туынды болары анық. Отбасылық тақырыпта жазса жақсы шығатын еді. Мамандығы - математик.
Мамандығы бойынша жұмыс істеп көрмеді. Бала-шаға қамымен болды. Үш қызымыз бар. Аллаға мың да бір тәуба. Әйелімді қатты құрметтеймін, үйімізде жылулығымыз бар. Кеңесетін нәрселеріміз көп. Одан асқан бақыт жоқ шығар. Нағыз махаббат осы деп ойлаймын" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Айдар Тұрғамбек алғаш рет шай бизнесі неге жүрмей қалғанын айтқан болатын. Анықталғандай, өнер иесін бірге жұмыс істеген серіктесі алдап кеткен.

Оған қоса, әнші қыз ұзату тойларға шыға бастағанына не түрткі болғанын да айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel