RU

Шотландиямен ойын алдында ұлттық құраманың футболшысына ота жасалды

Telegram logo VKontakte logo

Қостанайлық "Тобол" мен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Виктор Дмитренконың иығына ота жасалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz: Instagram

Дмитренконға ота Литваның Вильнюс қаласындағы клиникада жасалды. Операция екі жарым сағатқа созылған.

Алдағы бір жарым айда футболшыға физикалық белсенділікті шектеу туралы кеңестер берілді.

Виктор Дмитренко жаттығуды тек екі айдан кейін ғана бастайды деп жоспарлануда. Оны оңалту жұмыстары Краснодар қаласында өтеді.

Виктор осы маусымда қостанайлық клуб "Тобыл" сапында 31 ойынға қатысып, үш голдық пастың авторы атанған.

Еске сала кетсек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино командасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз сырт алаңда 1-3 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін 19 қарашада қазақстандық футболшылар Шотландия құрамасымен ойнайды. Бұл матчта жеңіске жеткені ұжым кестенің үшінші сатысына көтеріледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өнер көрсететін I тобында Бельгия мен Ресей Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Шотландиямен ойын алдында ұлттық құраманың футболшысына ота жасалды