RU
Оралда патрульдік полиция көлігі жасөспірім қызды қағып кетті

Оралда патрульдік полиция көлігі жасөспірім қызды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Оралда жаяу жүргіншілер жолында патрульдік полиция жасөспірім қызды қағып кетті. Зардап шегуішіні оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі алып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Жол көлік оқиғасы Зачағандағы "Молодежная" аялдамасы маңында, сағат 23.10 шамасында болған.

Мемлекеттік нөмірі 614 KP 07, бортты нөмірі 174 патрульдік полиция көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында блогер Айболат Букенов хабарлаған. Ол оқиға орнынан екі видеоролик жариялады.

Блогердің сөзінше, оған видеоны куәгерлер жіберген. Айболат Букеновтың мәліметінше, рөлде полиция лейтенанты отырған.

Оқиға орнына келген Айболат Букеновты полицейлер тұтқынға алған. Букеновтың сөзінше, жол көлік оқиғасы орнына келген Полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов қарамағындағыларға блогерді ұстауға бұйрық беріпті.

"Генералдың өзі менің смартфонымды тартып алып, ондағы видеолардың бәрін өшірді. Мен оған мас сияқты көрінгеннен кейін ол қарамағындағыларға мені наркологияға жеткізуге бұйрық берді", - дейді Айболат Букенов.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel